Корей тілі
| Корей тілі | |
| Корей тілінің таралу аймағы | |
| Өз атауы: |
한국어, 조선말 |
|---|---|
| Айтылуы: |
хангуко/чосонмаль |
| Елдер: |
КХДР, Корея Республикасы, Қытай, Жапония, АҚШ, Канада, Ресей |
| Ресми күйі: |
|
| Реттейтін мекеме: |
Оңтүстік Кореяда — корей тілінің Ұлттық институты |
| Сөйлеушілер саны: |
78 млн. адам |
| Рейтинг: |
13 |
| Классификация | |
| Санаты: | |
| Жазуы: | |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: |
коо 330 |
| ISO 639-1: |
ko |
| ISO 639-2: |
kor |
| ISO 639-3: |
kor |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |

Корей тілі (кор. 한국어/조선말 хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.
Тіл шоғыры
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чеджудо (аралдың атымен аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде қалыптасқан.
Грамматикасы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді. Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық, сандық және род категориялары жоқ. КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы қолданылып жүр.

Ұлттық жазуы "хангыль" (한글 - корей жазуы) деп аталады.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |