Швед тілі
| Швед тілі | |
| | |
| Өз атауы: |
svenska |
|---|---|
| Айтылуы: | |
| Елдер: | |
| Ресми күйі: | |
| Реттейтін мекеме: |
Швед тілі кеңесі (Швецияда) |
| Сөйлеушілер саны: |
10 млн – ана тілі |
| Классификация | |
| Санаты: | |
| Жазуы: | |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: |
шве 805 |
| ISO 639-1: |
sv |
| ISO 639-2: |
swe |
| ISO 639-3: |
swe |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Швед тілі (svenska ) — Солтүстік герман тілдеріне жататын, Швецияда және Финляндияның кейбір бөліктерінде, мысалы жағалау мен Аланд аралдарында таралған, шамамен 10 миллион адам сөйлейтін тіл. Швед тілі норвег тілі және азырақ дәрежеде дан тілімен өзара түсінікті тіл. Басқа солтүстік герман тілдерімен бірге ол викинг заманында Скандинавияда тұрған герман халықтарының тілі болған көне норвег тілінен өрбіп шыққан тіл болып табылады.
Әдеби швед тілі орталық Швеция диалектілерінен 19-шы ғасырда өрбіп шыққан, 20-шы ғасырдың басында толығымен орныққан тіл. Ауылдық жерлерде тараған диалектілермен айырмашылығы әлі де сақталып отырса да, ауызекі және жазба тіл біркелкі және стандарттанған. Кейбір диалектілердің әдеби тілден грамматикасы және сөз қоры жағынан елеулі айырмашылықтары бар, кейбір кездері олар бір-біріне түсініксіз де. Бұл диалектілерде сөйлейтіндер көбінесе ауылдық жерлерде тұрып, бар өмірлерін сол өңірлерде өткізеді. Бұл диалектілерге жоғалып кету қаупі төнбесе де, олардың қолданылуы соңғы бір ғасырдың ішінде азайып отырды.
Сөйлемдегі сөз тәртібі көбінесе бастауыш-баяндауыш-толықтауыш түрінде болып келеді, бірақ кейде кейбір сөздер не фразаларға баса назар беру үшін сөз тәртібі өзгеріп отырады. Швед тілінің морфологиясы ағылшын тілінікіне ұқсас, яғни сөздердің жалғаулары онша көп емес. Швед тілінде екі грамматикалық род категориясы бар, септіктер жоқ (алайда бұрынғы талдау бойынша атау және ілік септіктері болған), зат есімдер жекеше және көпше түрде бола алады. Сын есімдер ағылшын тіліндегідей қолданылады, олар сонымен бірге род, сан және нақтылық бойынша септеледі. Есімнің нақтылығы сөздің соңына нақты және нақсыз артикль-жалғаулардың жалғануы арқылы білдіріледі. Сөз ырғағы онда екпіннің және диалектілердің басым көпшілігінде тонның болуымен ерекшеленеді. Тілде дауысты дыбыстардың түрлері басқаларға қарағанда көп.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Swedish (ағыл.). Ethnologue.
Үлгі:Germanic languages Үлгі:Official EU languages
| ||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||