Фридрих Мерц
| Фридрих Мерц Friedrich Merz | ||||
Мерц, 2025 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 6 мамыр 2025 жылдан бастап | ||||
| Президент | Франк-Вальтер Штайнмайер | |||
| Ізашары | Олаф Шольц | |||
| ||||
| 31 қаңтар 2022 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Армин Лашет | |||
| ||||
| 15 ақпан 2022 — 6 мамыр 2025 | ||||
| Премьер-Министр | Олаф Шольц | |||
| Ізашары | Ральф Бринкхаус | |||
| Ізбасары | Тино Хрупалла Алис Вайдель | |||
| 29 ақпан 2000 — 22 қыркүйек 2002 | ||||
| Премьер-Министр | Герхард Шрёдер | |||
| Ізашары | Вольфганг Шойбле | |||
| Ізбасары | Ангела Меркель | |||
| ||||
| 15 ақпан 2022 — 5 мамыр 2025 | ||||
| Ізашары | Ральф Бринкхаус | |||
| Ізбасары | Йенс Шпан | |||
| 29 ақпан 2000 — 22 қыркүйек 2002 | ||||
| Ізашары | Вольфганг Шойбле | |||
| Ізбасары | Ангела Меркель | |||
| ||||
| 26 ақпан 2021 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Патрик Зенсбург | |||
| 10 қараша 1994 — 27 қазан 2009 | ||||
| Ізашары | Фердинанд Тильман | |||
| Ізбасары | Патрик Зенсбург | |||
| ||||
| 22 шілде 1989 — 19 шілде 1994 | ||||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Христиан-демократиялық одақ | |||
| Білімі | Бонн университеті Марбург университеті | |||
| Діні | католицизм | |||
| Дүниеге келуі | 11 қараша 1955 (70 жас) Брилон, Солтүстік Рейн-Вестфалия, Батыс Германия | |||
| Туған кездегі есімі | Иоахим-Фридрих Мартин Йозеф Мерц | |||
| Жұбайы |
Шарлотта Мерц
(үйл. 1981) | |||
| Балалары | 3 | |||
| Сайты | Канцлер сайты Жеке сайты | |||
| Қолтаңбасы | ||||
| Фридрих Мерц Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Иоахим-Фридрих Мартин Йозеф Мерц (нем. Joachim-Friedrich Martin Josef Merz; 11 қараша 1955 жыл, Брилон, Солтүстік Рейн-Вестфалия) — неміс саясаткері, 2025 жылғы мамырдан Германия Федералдық канцлері.[1] 2022 жылғы қаңтардан Христиан-демократиялық одақты (ХДО) басқарып келген ол[2] 2022 жылғы ақпаннан 2025 жылғы мамырға дейін Бундестагтағы Оппозиция көшбасшысы еді.[3][4] 2024 жылғы қыркүйекте ол ХДО-ның 2025 жылғы парламент сайлануына орай канцлерлікке үміткері атанды.[5] ХДО ең көп мандат жеңіп алды да, ХДО/ХӘО парламенттік тобы Социал-демократтармен коалиция жасады. 2025 жылғы 6 мамырда екінші қайтара дауыс берген парламент Мерцті ақыр аяғында Германия канцлері етіп сайлады.[6] Үміткердің осылай бірінші айналымда таңдалмай қалғаны бұрын Германия тарихында болмаған еді.[7][8]
Мерц Батыс Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Брилонда дүниеге келген. 1972 жылы ол Жастар одағының мүшесі болды. 1985 жылы заң мектебін бітірген Мерц судья, корпоративтік заңгер бола тұрды да, 1989 жылы Еуропалық парламентке сайланып, саясатпен айналысатын болды. Бір мерзімнен кейін ол Бундестаг депутаты болды да, ол жерде ХДО-ның қаржы саясаты бойынша маманы атанды. 2000 жылы Ангела Меркель ХДО/ХӘО төрайымы болып және Мерц ХДО парламенттік тобының төрағасы болып сайланды. Осы жылдары екеуі де ХДО/ХӘО төрағалығына бәсекелес еді және Христиан-әлеуметтік одақпен (ХӘО) қатар үкіметтегі оппозицияға басшылық етті.[9][10]
2002 жылғы федералдық сайлаудан кейін Меркель парламенттік топтың басшылығына келді де, Мерцті өз орынбасары қылды. 2004 жылғы желтоқсанда Мерц бұл лауазымнан өз еркімен кетті де, Меркельмен болған бәсекелестікті аяқтады,[11][10] ақырын ғана саясатты қойды да, заңгерлікпен айналысып кетіп, 2009 жылы Парламенттен кетті. Корпоративтік заңгер мен ықтимал мультимиллионер болған Мерц, оған қоса, — жекеше ұшқыш, екі ұшаққа ие.[12][13] 2018 жылы Мерц саясатқа оралатынын жариялады. 2021 жылғы желтоқсанда ол ХДО басшысы болып сайланды да, қызметке 2022 жылғы қаңтарда келді. 2018[14][15] және 2021 жылдардағы оның ХДО басшылығына үміткерліктері сәтсіз шыққан болатын.[16][17]
1970 және 1980 жылдары жас саясаткер болған Мерц антикоммунизмді қатты жақтайтын. Бұл идеология Батыс Германия тұсындағы ХДО үшін аса маңызды еді. Қазіргі заманда Мерц ХДО-ның бизнесшіл және дәстүрлі консерваторлық өкілі болып саналады.[18] Оның Mehr Kapitalismus wagen (Көбірек капитализммен еркіне кету) кітабы экономикалық либерализмді жақтайды. Мерц, оған қоса, аса «америкашыл» делінеді,[19] атлантизм мен неміс-америкалық қатынасты қолдайтын Atlantik-Brücke ұйымының төрағасы болған. Мерц — Еуропа Одағы, НАТО мен дүниежүзі либерализмінің ірі жанкүйері, өзін «трансатлантист», «әлемге ашық неміс» деді.[20] Ол жиі Трамп әкімшілігін, Дональд Трампты және Владимир Путин тұсындағы Ресейді сынға алады, Еуропаның Америка Құрама Штаттарынан «тәуелсіздігін» қалайды.[21]
Ерте жылдары және білімі
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Фридрих Мерц 1955 жылғы 11 қарашада, Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Брилонда, Иоахим Мерц (1924 туған) пен Паула Совини (1928 туған) отбасында дүниеге келген.[22] Мерцтің әкесі Иоахим судья және ХДО мүшесі еді.[23] Совини әулеті патрициаттар отбасы ретінде белгілі еді және француздардан тараған болатын. Мерцтің нағашы атасы Йозеф Пауль Совени Брилонның мэрі еді.[24] Мерц — католик.[25][26][27][28]
1975 жылы мектеп бітірген Мерц[29][30] сол жылғы шілдеден 1976 жылғы қыркүйекке дейін Германия армиясында өздігінен жүретін артиллериясы бар сарбаз болды.[31][32] 1976 жылдан бастап ол Конрад Аденауэр атындағы қор көмегімен заң оқыды, бірінші Бонн университетінде, кейін Марбург университетінде. Бонндағы оқуы кезінде ол KDStV Bavaria Bonn атты католик ер студенттер ұйымының мүшесі болған. 1985 жылы ол заң оқуын бітірді де, Саарбрюккенде заңгер болып жұмыс істейтін болды. 1986 жылы ол бұл қызметтен кетіп, жекеше заңгер қызметімен айналысты.[33]
Мерц немісше, ағылшынша және французша сөйлейді.[34]
Ерте саяси мансабы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]1972 жылы он жеті жастағы Мерц ХДО-ның жастар ұйымы болған Германия Жастар одағының мүшесі болды.[22] 1980 жылы ол ұйымның брилондық филиалын басқарып кетті.
Еуропалық парламент депутаты (1989–1994)
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]1989 жылы Мерц Еуропалық парламент депутаты болып сайланды да, 1994 жылға дейін бір мерзім ғана қызмет етті. Мерц Еуропарламенттің Экономика және қаржы істері бойынша комитетінің және Мальтадағы делегациясының мүшесі болатын.
Бундестаг депутаты (1994–2009)
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]1994 жылғы федералдық сайлау нәтижесінде Мерц Хохзауэрланд сайлау округінен Бундестаг депутаты болып сайланды. Тұңғыш мерзімі кезінде ол Қаржы комитетінің мүшесі болды.
1998 жылғы қазанда Мерц ХДО/ХӘО парламенттік тобының вице-төрағасы болып, 2000 жылғы ақпанда төрағасы (Михаэль Глоспен қатар) болып тағайындалды. Бұл лауазымның иесі ретінде ол канцлер Герхард Шрёдерге қарсы Оппозиция көшбасшысы еді.
2002 жылғы федералдық сайлауға орай Эдмунд Штойбер Мерцті ХДО көлеңкелі кабинетіне қосты. Сайлауалды кампания барысында Мерц Штойбердің қаржы нарығы мен ұлттық бюджет бойынша маманы болды.[35] Фракция басшысы Штойбердің сайлаудағы жеңілісінен кейін оның орнын Ангела Меркель алды; Мерц осылайша 2004 жылға дейін қайта вице-төраға қызметін атқарып жатты. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Мерц, оған қоса, ХДО атқарушы кеңесінің мүшесі болатын.[11]
2005 жылы неміс БАҚ-ы Мерцті Анд пактінің мүшесі деді.[36] 1979 жылы, Анд тауларына сапар барысында құрылған және еркек ХДО мүшелерінен тұрған бұл одақ бастапқыда жасырын топ еді. Анд пакті Меркельге қарсы болатын.[10] 2005 жылғы федералдық сайлау мен 2009 жыл аралығында Мерц Заңи істер комитетінің мүшесі болған. 2007 жылға қарай ол 2009 жылғы федералдық сайлауға қатыспайтынын айтты.
Жекеше сектордегі мансабы (2009–2018)
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Саясаттан кеткен Мерц 2009 жылдан корпоративті заңгер болды. Заңгер мен кеңестер мүшесі ретінде қызметі арқылы ол мультимиллионерге айналды.[37]
- Мерц, 2004 жыл
- Мерц, 2017 жыл
- Atlantik-Brücke төрағасы Мерц, АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер мен Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен, 2015 жыл
Саясатқа оралуы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2021 жылғы 15 қарашада Мерц өзін ХДО төрағалығына ұсынды.[38][39]
Қысқа сайлауалды кампаниясы кезінде Мерцтің қарсыластары өздерін Ангела Меркельдің ізбасарлары ретінде көрсетті: Мерц, керісінше, өзін Меркельдің центризмінен үзіліс ретінде «жарнамалады».
2022 жылғы 22 қаңтарда Мерц ХДО төрағасы болып ресми түрде сайланды. Оны 983 делегаттың 915-і қолдады.[40][41][42]
Канцлерлікке үміткер (2025)
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2024 жылғы қыркүйекте Мерц ХДО-ның 2025 жылғы сайлаудағы федералдық канцлерлікке болжамды үміткері атанды. Үміткерліктен бас тартқан Хендрик Вюст (ХДО) пен Маркус Зёдер (ХӘО) Мерцтің канцлер болғанын жақтады.[43][44] 2024 жылғы қарашадағы саяси дағдарыс барысында билік коалициясы ыдырады да, сайлау осылайша мерзімінен жеті ай бұрын өтетін болды.
Парламент сайлауының экзитполдары ХДО-ның бірінші орын алатынын және Мерцтің осылайша канцлер болатынын көрсетті. Көрсетілген сандар, алайда, партияның тарихындағы екінші ең нашар нәтижесі болатындай көрінді.[45][46]
Сайлауға электораттың 84% қатысты. Бұл — Германиядағы 1990 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. ХДО жалпы дауыстың 28,6% жинаса, Германия үшін балама партиясы 20,8% жинап шықты.[47]
Сайлаудан кейін Христиан-демократиялық одақ (ХДО) пен Социал-демократиялық партия (СДП) коалиция құру бойынша келіссөздер жүргізіп кетті. Сайлау барысында Мерц басқарған ХДО мандат саны бойынша бірінші партия атанды, алайда басым көпшілікке қол жеткізе алмағандығынан коалиция құруға мәжбүр болатын.[48]
2025 жылғы 5 наурызда Мерц қорғаныс секторына баратын қаржы көбейтуді ұсынды.[49] Ол баспасөз мәслихатында: «Германия мен Еуропа өздерінің қорғаныс қабілетін тез арада нығайтуы керек» деді. Ол үшін ГФР негізгі заңына өзгерістер жасау жоспарланды.[50] Бұл Германияға өзінің әскери күштерін қаржыландыру және Украинаға әскери көмек көрсету үшін қарызын шектеусіз ұлғайтуға мүмкіндік беретін еді.[51][52] Экономистер Мерцтің жоспары инфляцияға әкеліп, Германияның мемлекеттік қарызын арттыра алады деп ескертті.[53] Бұл жоспарды ХДО, ХӘО, СДП және Жасылдар қолдады. Мерцтің қазыналық топтамасын Франция президенті Эммануэль Макрон, НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте және Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қолдады.[54]
2025 жылғы 9 сәуірде Мерц, ХӘО басшысы Маркус Зёдер, СДП тең басшылары Ларс Клингбайль мен Заския Эскен бірігіп, жоспарланған қара-қызыл коалицияның келісімін ұсынды.[55] 2025 жылғы 5 мамырда келісімге қол қойылды.[56]
Канцлер (2025–)
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]2025 жылғы 6 мамырда орын алған депутатаралық дауыс берудің бірінші айналымында Мерц 316 дауыстан тұратын басым көпшілікке ие болмай қалды. Канцлерлікке үміткердің бірден сайланбай қалу Германия тарихында бұрын-соңды болмаған еді.[57] Дәл сол күні дауыс берудің екінші айналымы өтті де,[58] 325 дауыс жинаған Мерц канцлер атанды.[1]


Мерцтің алғашқы ресми әрекеттерінің бірі — министрліктерді қайта құрылымдау және Цифрлық және мемлекеттік жаңғырту министрлігін (нем. Bundesministerium für Digitales und Staatsmodernisierung) құру болды.[59] 7 мамырда ол канцлер ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын жасап, Францияда президент Эммануэль Макронмен кездесіп, бірлесіп француз-герман қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін құрғанын жариялады.[60]
Саяси ұстанымы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Мерц экономикалық, сыртқы, қорғаныс пен отбасы саясатына біраз мән береді. Ол бір кезде өзін әлеуметтік жағынан консерватор, экономика жағынан либерал деген. Мерцті сарапшылар ХДО-ның дәстүрлі және бизнесшіл өкілі деп сипаттайды.[18]
Баспана, миграция және интеграция
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Мерц 2025 жылғы сайлаудан кейінгі басты мәселені тұрақсыз иммиграция деді.[61] Мерц Еуропалық миграция дағдарысына әкелген Ангела Меркельдің ашық шекара саясатын «пешенеге жазылған қате» деп көрді. 2024 жылы Мерц баспана сұраушылардың қабылданбағанын талап етті.[a] 2024 жылғы пікірталаста Мерц Саксонияның премьері Михаэль Кречмердің тұжырымын қолдап, Германия жылына қабылдайтын баспана іздеушілер санын 60 000–100 000-ға дейін шектеуді ұсынды. Мерц сөзінше, Кречмердің бұл ұсынысы елдің интеграция саясатына қолжетімді.[65]
10 қазан шабуылынан кейін 2023 жылғы қазанда Мерц Германияның палестиналық босқындарды қабылдай алмайтынын, елде «антисемит жастардың жетіп тұрғанын» айтты.[66][67] 2024 жылғы желтоқсанда ол сириялық босқындардың Сирияға депортацияланғанын талап етті. Канцлер ретінде ол адамдарды Ауғанстан мен Сирияға депортациялауы мақсат көреді.[68]
Әлеуметтік саясат
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Мерц Bürgergeld (жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы) саясатына қарсы, СДП партиясындай[69] оның жойылғанын, орнына Жаңа негізгі қауіпсіздік саясатының орнауын қалайды.[70]
Сыртқы саясат
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Мерц — Еуропа Одағы мен НАТО-ның берік жанкүйері. 2018 жылы ол өзін «нық еуропалық, трансатлантист және әлемге ашық неміс» деп сипаттады және «Мен тамыры христиандық этика мен еуропалық ағартушылыққа жататын және ең маңызды саяси одақтастары Батыстың демократиялары болып табылатын Германияны қолдаймын» деді.[71][20] Ол Германия мен Франция арасындағы одақтастықты аса қолдайды.[72]
Мерц авторитар мемлекеттерге, әсіресе Ресей мен Қытайға қарсылығы үшін белгілі. 2023 жылы ол Еуропаның бірігіп, Қытаймен сыртқы саясатын жаңадан қарап шыққанын талап етті.[73] Қытайды ол «Германия қауіпсіздігіне қатер» деді.[74]
Ескертпелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Қуғыннан қашып, басқа елдерде баспана сұрау, оған қол жеткізу — адам құқығы, бұны Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқықтары декларациясының 14-бабында бекіткен.[62] Германия 1973 жылғы 18 қыркүйекте БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болған еді. Германия конституциясы, оған қоса, 16a бабында саяси қуғын-сүргіннен қашқандардың баспанаға ие екенін белгілейді (Politisch Verfolgte genießen Asylrecht),[63] және Германия канцлері ретінде Мерц «Конституцияны қолдауға және сақтауға» ("das Grundgesetz [...] wahren und verteidigen") ант берген болатын.[64]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 1 2 Төлегенқызы, Арай Германияда Мерц канцлер болып сайланды (қаз.). Qazaqstan. (6 мамыр 2025). Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Nienaber, Michael German conservatives elect right-winger Merz as new party leader (ағыл.). Reuters. (22 қаңтар 2022). Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Friedrich Merz zum Unions-Fraktionschef gewählt (нем.). zeit.de. (15 ақпан 2022). Тексерілді, 15 ақпан 2025.
- ↑ Brinkhaus verzichtet zugunsten von Merz auf Fraktionsvorsitz (нем.). faz.net. (27 қаңтар 2022). Тексерілді, 15 ақпан 2022.
- ↑ Германия канцлерлігіне үміткер Ф.Мерц "Ресейге қатаң соққы беру керек" дейді (қаз.). Munarmedia.kz ақпараттық-танымдық медиа порталы. Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Дүйсенбек, Талғат Фридрих Мерц Германия канцлері қызметіне сайланды (қаз.). kz.kursiv.media. (6 мамыр 2025). Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Merz fails to be elected German chancellor in first round of voting (ағыл.). CNN. (6 мамыр 2025). Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Merz fails to be elected German chancellor in first parliamentary vote (ағыл.). POLITICO. (6 мамыр 2025). Тексерілді, 6 мамыр 2025.
- ↑ Huggler, Justin. Merkel rival Friedrich Merz emerges as surprise early frontrunner to succeed chancellor (31 қазан 2018). Мұрағат көшірмесі 31 қазанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- 1 2 3 Neukirch, Ralf; Schult, Christoph. Der Männerbund (нем.), Der Spiegel (29 Juni 2003). Тексерілді 3 желтоқсанның 2024. Мұрағат көшірмесі 2 қыркүйектің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- 1 2 Weiland, Severin. Enthüllung: Wie Merkels und Merz' Feindschaft begann (нем.), Der Spiegel (8 Februar 2007). Тексерілді 8 қарашаның 2024. Мұрағат көшірмесі 28 тамыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Sorge, Nils-Viktor Ex-CDU-Star Friedrich Merz: Ganz unten (нем.). manager-magazin.de. (20 мамыр 2014). Тексерілді, 12 желтоқсан 2021. Мұрағат көшірмесі 23 мамырдың 2014 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Hat Friedrich Merz wirklich zwei Flugzeuge? (нем.). stern.de. (28 қараша 2018). Мұрағат көшірмесі 28 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Braun, Stefan. Die große Zeitenwende ist eine Chance für die CDU (нем.), Süddeutsche Zeitung (2018). Тексерілді 29 қазанның 2018. Мұрағат көшірмесі 29 қазанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Connolly, Kate. Annegret Kramp-Karrenbauer elected Merkel's successor as CDU leader (7 желтоқсан 2018). Тексерілді 7 желтоқсанның 2018. Мұрағат көшірмесі 7 желтоқсанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Laschet zum neuen CDU-Chef gewählt (нем.), tagesschau.de (16 Januar 2021). Тексерілді 16 қаңтардың 2021. Мұрағат көшірмесі 16 қаңтардың 2021 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Pragmatic governor Laschet elected to lead Merkel's party. Associated Press. (16 қаңтар 2021). Мұрағат көшірмесі 16 қаңтардың 2021 Wayback Machine мұрағатында
- 1 2 Escritt, Thomas. Conservative contenders vie to overturn Merkel's centrism (ағыл.), Reuters (31 October 2018). Мұрағат көшірмесі 31 қазанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz: Who is Germany's election winner and how will he fare against AfD leader Alice Weidel? (ағыл.), The Independent. Тексерілді 24 ақпанның 2025. Мұрағат көшірмесі 26 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- 1 2 Merz will CDU-Chef werden: 'Wir brauchen Aufbruch und Erneuerung, keinen Umsturz' (нем.) (31 Oktober 2018). Мұрағат көшірмесі 1 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Germany's Merz vows 'independence' from Trump's America, warning NATO may soon be dead (ағыл.) (24 February 2025). Мұрағат көшірмесі 24 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- 1 2 Lohse, Eckart. Friedrich Merz: Dieser Kandidat passt nicht auf einen Bierdeckel (нем.). Мұрағат көшірмесі 4 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Parteien: Friedrich Merz' Vater verlässt die CDU im Groll (нем.) (12 Februar 2007). Мұрағат көшірмесі 3 мамырдың 2021 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Chassany, Anne-Sylvaine Can Friedrich Merz still fix Germany?. Financial Times. FT. (5 ақпан 2025). Тексерілді, 24 ақпан 2025. Мұрағат көшірмесі 25 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz profile. Munzinger Online. Мұрағат көшірмесі 28 ақпанның 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Sauvigny // Deutsches Geschlechterbuch Vol. 38
- ↑ Merz bejubelt rechten Großvater (нем.) (16 Januar 2004), бет 1. Тексерілді 22 қаңтардың 2021. Мұрағат көшірмесі 4 қазанның 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Claus Jacobi, Im Rad der Geschichte: Deutsche Verhältnisse, 166-бет, Herbig, 2002.
- ↑ Porträt des CDU-Politikers: Die Ideen des Merz (нем.). RP ONLINE. (20 қараша 2018). Тексерілді, 11 наурыз 2025. Мұрағат көшірмесі 20 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Porträt in Bildern: Das ist Friedrich Merz (нем.). RP ONLINE. (23 ақпан 2025). Тексерілді, 11 наурыз 2025. Мұрағат көшірмесі 7 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Haben Sie eigentlich gedient, Herr Merz? (нем.), Der Spiegel (5 April 2001). Тексерілді 31 қазанның 2024. Мұрағат көшірмесі 30 маусымның 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz im Interview: "Worte reichen nicht: Wir müssen die Zeitenwende mit Leben füllen" (нем.), dbwv.de (6 Februar 2023). Тексерілді 30 наурыздың 2023. Мұрағат көшірмесі 30 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz – Atlantik-Brücke e.V. (нем.), Atlantik-Brücke e.V.. Тексерілді 30 қазанның 2018. Мұрағат көшірмесі 31 қазанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz, Senior Counsel (ағыл.). Mayer Brown. Мұрағат көшірмесі 6 шілденің 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Wahlkampf: Stoiber-Team ohne Kompetenz bei den Staatsfinanzen (нем.), Spiegel Online (22 Januar 2002). Мұрағат көшірмесі 15 сәуірдің 2016 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Schumacher, Hajo. Union: 'Anden-Pakt' nimmt Friedrich Merz auf (3 қараша 2005). Мұрағат көшірмесі 22 қарашаның 2012 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Long march: The man who would be chancellor: Merz's delayed political comeback (ағыл.). Handelsblatt. Тексерілді, 8 желтоқсан 2018. Мұрағат көшірмесі 28 ақпанның 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Race to lead Angela Merkel's party in German opposition takes shape (ағыл.) (12 November 2021). Тексерілді 20 қарашаның 2021. Мұрағат көшірмесі 12 қарашаның 2021 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Moulson, Geir Race to lead Angela Merkel's party in German opposition takes shape (ағыл.). Associated Press. (12 қараша 2021). Тексерілді, 20 қараша 2021. Мұрағат көшірмесі 12 қарашаның 2021 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ CDU wählt Friedrich Merz zum neuen Chef (нем.). Salzburger Nachrichten. (21 қаңтар 2022). Тексерілді, 22 қаңтар 2022. Мұрағат көшірмесі 22 қаңтардың 2022 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Vitzthum, Thomas. CDU-Parteitag: Merz trifft den richtigen Ton – und zeigt geradezu Lust auf die Oppositionsrolle (нем.), Die Welt (22 Januar 2022). Тексерілді 22 қаңтардың 2022. Мұрағат көшірмесі 22 қаңтардың 2022 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Fast 95 Prozent für Merz: 'Ein starker Auftrag und ein großartiges Mandat' (нем.), Frankfurter Allgemeine Zeitung. Тексерілді 22 қаңтардың 2022. Мұрағат көшірмесі 22 қаңтардың 2022 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ 'Ich habe ein Versprechen gegeben, dass sich 2021 nicht wiederholen wird' (нем.). Der Spiegel. (17 қыркүйек 2024). Тексерілді, 17 қыркүйек 2024. Мұрағат көшірмесі 17 қыркүйектің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Fanny Brodersen; Vanessa Gera German opposition Christian Democrats tap leader Friedrich Merz as their candidate for chancellor (ағыл.). Associated Press. (17 қыркүйек 2024). Тексерілді, 17 қыркүйек 2024. Мұрағат көшірмесі 17 қыркүйектің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Briancon, Pierre. Merz's victory opens new era of German uncertainty, Reuters (23 ақпан 2025). Тексерілді 23 ақпанның 2025. Үлгі:Wayabck
- ↑ Geir Moulson. Conservative opposition wins German election and the far right is 2nd with strongest postwar result (ағыл.), Associated Press (23 February 2025). Тексерілді 23 ақпанның 2025. Мұрағат көшірмесі 24 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Германиядағы парламент сайлауында "Христиан-демократия одағы" мен "Христиан-социалистер одағы" озды (қаз.). Азаттық радиосы. (24 ақпан 2025). Тексерілді, 7 мамыр 2025.
- ↑ Lunday, Chris Germany's CDU and SPD to start coalition talks Friday. Politico Europe. (27 ақпан 2025). Тексерілді, 3 наурыз 2025. Мұрағат көшірмесі 28 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Germany's Merz promises to do 'whatever it takes' on defence (ағыл.), BBC (5 March 2025). Мұрағат көшірмесі 5 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ CDU's Friedrich Merz secures billion-euro deal for Germany's military and infrastructure (ағыл.), Euronews (5 March 2025). Мұрағат көшірмесі 5 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ 'A risky bet': Friedrich Merz criticised over plan to lift Germany's debt rules, The Guardian (5 наурыз 2025). Мұрағат көшірмесі 8 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ €1 trillion impact: What easing debt brake means for Germany (ағыл.), Неміс толқыны (17 March 2025). Мұрағат көшірмесі 19 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Germany Set for Trillion-Euro Defense and Infrastructure Splurge (ағыл.), The Wall Street Journal (21 March 2025). Мұрағат көшірмесі 22 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Fiscal 'bazooka' for defence, infrastructure approved by Germany MPs (ағыл.), France 24 (19 March 2025). Мұрағат көшірмесі 19 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Koalitionsvertrag: Schulterklopfen und harsche Kritik aus dem Norden (нем.). NDR. Тексерілді, 5 мамыр 2025.
- ↑ Spitzen von Union und SPD unterzeichnen Koalitionsvertrag (нем.). tagesschau.de. Тексерілді, 5 мамыр 2025.
- ↑ Paul Kirby; Parker, Jessica. Germany's Merz falls short of majority in vote for chancellor, Лондон және Берлин: BBC News (6 мамыр 2025). Тексерілді 6 мамырдың 2025. Мұрағат көшірмесі 6 мамырдың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ James Angelos; Chris Lunday; Nette Nöstlinger. Merz just lost the vote to be German chancellor. What next? (ағыл.), Politico (6 May 2025). Тексерілді 6 мамырдың 2025. Мұрағат көшірмесі 6 мамырдың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Erste Beschlüsse im Kabinett: Bundesregierung hat Arbeit aufgenommen (нем.). tagesschau.de. Тексерілді, 7 мамыр 2025. Мұрағат көшірмесі 7 мамырдың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Merz's government decree gives German digital ministry extensive power (ағыл.). euronews. (7 мамыр 2025). Тексерілді, 7 мамыр 2025. Мұрағат көшірмесі 9 мамырдың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Friedrich Merz sieht Bekämpfung irregulärer Migration als wichtigste Aufgabe (нем.), Der Spiegel (14 Dezember 2024). Тексерілді 5 қаңтардың 2025. Мұрағат көшірмесі 14 желтоқсанның 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Universal Declaration of Human Rights. Біріккен Ұлттар Ұйымы. (10 желтоқсан 1948). Тексерілді, 3 қазан 2024. Мұрағат көшірмесі 2 желтоқсанның 2024 Wayback Machine мұрағатында Дереккөз қатесі: Жарамсыз
белгіше; жарамсыз атаулар, мысалы, тым көп - ↑ Article 16a: Right of Asylum. Германия Әділет министрлігі. (2024). Тексерілді, 3 қазан 2024. Мұрағат көшірмесі 30 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Article 56: Oath of office. ГФР негізгі заңы. Германия Әділет министрлігі. (2024). Тексерілді, 3 қазан 2024. Мұрағат көшірмесі 30 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Merz für Aufnahme von höchstens 100.000 Flüchtlingen pro Jahr (нем.), tagesschau.de (16 März 2024). Тексерілді 17 наурыздың 2024. Мұрағат көшірмесі 16 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Jegić, Denijal. Why is Germany so viciously anti-Palestinian? (ағыл.), Әл-Жазира телеарнасы (7 January 2024). Мұрағат көшірмесі 7 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Merz, Friedrich [@_FriedrichMerz] (2023-10-22). "'Sollte es Flüchtlinge aus #Gaza geben, dann sind diese zunächst einmal ein Thema für die Nachbarstaaten. Deutschland kann nicht noch mehr #Flüchtlinge aufnehmen. Wir haben genug antisemitische junge Männer im Land!' (tm)" (Tweet). Retrieved 2025-02-02 – via Twitter. Мұрағат көшірмесі 17 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Merz fordert Syrien-Abschiebungen und Aufnahmestopp – 'nicht durchsetzbar und rechtswidrig' (нем.). merkur.de. (17 желтоқсан 2024). Тексерілді, 5 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 16 желтоқсанның 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Wohlstand ohne Leistung ist eine Illusion (нем.). cdu.de. (18 наурыз 2024). Тексерілді, 19 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 19 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Glaser, Emeli Änderungen beim Bürgergeld: Das kommt auf Empfänger zu, wenn Friedrich Merz Kanzler wird (нем.). SÜDKURIER Online. (10 қараша 2024). Тексерілді, 10 қараша 2024. Мұрағат көшірмесі 12 қарашаның 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Wer ist Friedrich Merz? Merkels Nachfolger für den CDU-Parteivorsitz (нем.). blick.ch. (31 қазан 2018). Мұрағат көшірмесі 4 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Time to wake up: We are deeply concerned about the future of Europe and Germany. Handelsblatt. Тексерілді, 8 желтоқсан 2018. Мұрағат көшірмесі 9 желтоқсанның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Andreas Rinke. Germany's main opposition leader calls for European coalition on China ties, Reuters (31 наурыз 2023). Мұрағат көшірмесі 31 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Will Merz's tough talk on China fizzle out if he becomes leader of Germany? (ағыл.), South China Morning Post (6 January 2025). Мұрағат көшірмесі 6 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
| ||||||
- 11 қарашада туғандар
- 1955 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Солтүстік Рейн-Вестфалияда туғандар
- Үлкен жиырмалық басшылары
- Германия Христиан-демократиялық одағы мүшелері
- Германия заңгерлері
- Бонн университеті түлектері
- Германия судьялары
- Алфавит бойынша заңгерлер
- Германия адвокаттары
- XXI ғасыр саясаткерлері
- Германиядан Еуропарламент депутаттары (1989—1994)
- Солтүстік Рейн-Вестфалиядан Германия бундестагы мүшелері
- Германия бундестагы депутаттары (1998—2002)
- Германия бундестагы депутаттары (2002—2005)
- Германия бундестагы депутаттары (2005—2009)
- Германия бундестагы депутаттары (2021—2025)
- Германия бундестагы депутаттары (2025—2029)
- Германия федералдық канцлерлері
- Қазіргі мемлекет басшылары
- Қате сілтемелері бар беттер








