Мазмұнға өту

Патологиялық психология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Патологиялық психология — ауырған адамның психикалық қызметі мен қасиетінің, мінез-құлықтың ауытку заңдылықтарын зерттейтін психология (медициналық психология) ғылымының саласы. Патологиялық психология психологиялық теорияға сүйеніп, аурудың қозуы мен қайтуын дені сау адамның психикалық үрдістерінің қалыптасуы мен өту сипатын салыстыру арқылы анықтайды.

Патологиялық психологияның психопатологиядан айырмашылығы — клиникада байқалған психикалық ауыр күйдің құрылымдық ерекшелігі мен түрлену сипатын психикалық әдісті қолдану арқылы түсіндіреді. Патопсихологиялық зерттеулердің теориялық және қолданбалы ғылым аумағында маңызы зор. Соңғы кездерде патопсихологияның клиникалық практикада психотерапевтикалық жұмысқа да қатысуы дамып келеді. Патопсихологиялық эксперименттің балалық шақтың психиатриалық клиникасында да орны ерекше.

Патопсихологияның тарихы психиатрия, неврология және эксперименталды психология салаларының дамуымен байланысты. Негізгі патопсихологиялық экспериментті (Б.В.Зейгарник), кез келген диагностикалық процедураны танымдық үрдістердің тұтастық жүйесін және (В.Н.Мясищев) мотивтерді "тұлғааралық қатынасты" модельдеу үшін пайдаланылады. Патологиялық психология— әртүрлі аурулар нәтижесінде адамдардың психикасы мен қылығында пайда болатын ауытқуларды зерттейтін және солар туралы білімдерді қарастыратын психология саласы.[1]

Соматогендік – ауытқушылық мидағы биологиялық бұзылыстардың нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл бағыт радикалды биологиялық емдеу әдістерінің дамуына әкелді, мысалы лоботомия.

Психогендік – ауытқушылықтың себебі психологиялық мәселелер деп есептеледі. Психоанализ (Sigmund Freud), катартикалық, гипноздық және гуманистік психология (Carl Rogers, Abraham Maslow) сияқты емдеу әдістері осы парадигмадан шыққан. Бұл бағыт сондай-ақ кейбір ерекше емдеу тәсілдеріне әкелді: Franz Mesmer өз пациенттерін қараңғы бөлмеге музыка қосып отырғызып, кейін ерекше киім киіп кіріп, «зақымданған» дене бөліктерін таяқпен түрткен.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6