Канзас
| АҚШ штаты | |||||
|
Канзас | |||||
| |||||
|
Штат ұраны |
«Күнбағыс штаты» (ресми); Бидай штаты | ||||
| Топика | |||||
|
Ең ірі қаласы |
Уичито | ||||
|
Тұрғыны |
2 904 000 (2014 жыл) 33−орын (АҚШ б-ша) | ||||
| - тығыздығы | 13,47 адам/км² | ||||
| 15−орын | |||||
| - барлығы | 213 096 км² | ||||
| - су беті | 1,196 км² (0,56 %) | ||||
| - ендік | 37°0' с. е. бойынша 40°0' с. е., 645 км | ||||
| - бойлық | 94°38' б. б. бойынша 102°1,6' б. б., 340 км |
||||
|
Теңіз деңгейінен биіктігі |
|||||
| - максимал биіктігі | 1232 м | ||||
| - орташа биіктігі | 600 м | ||||
| - минимал биіктігі | 207 м | ||||
|
Штат статусын иеленуі |
29 қаңтар 1861 34 ретпен | ||||
| - штат болмай тұрып | Канзас территориясы | ||||
|
Губернаторы |
Лора Келли | ||||
|
Вице-губернаторы |
Линн Роджерс | ||||
|
Заң шығару органы |
Канзас легислатурасы | ||||
| - жоғарғы палатасы | Канзас сенаты | ||||
| - төменгі палатасы | |||||
| Орталық уақыт: ГМУ-6/-5; Таулы жерлер уақыты: ГМУ-7/-6 | |||||
|
Ресми сайты: |
http://www.kansas.gov/ | ||||
|
| |||||
Канзас (ағылш. Kansas) — штат Америка Құрама Штаттарының орталығында орналасқан. Халқы — 2 871 238 адам (2011), шамамен 2 989 188 адам (2026). Астанасы — Топика қаласы. Ірі қаласы — Уичито. Штат тағы «Американың астық қоры» деп аталады: ол астық өсіруші штаттар арасында көшбасшылық етеді. Штат гүлі — күнбағыс, штат ағашы — терек.
Штаттың көп бөлігі Ұлы жазықтықта орналасқан, солтүстігінде Небраскамен, шығысында Миссури, оңтүстігінде Оклахомамен және батысында Колорадо штаттарымен шекараласады. Өңірдің ірі өзендері Миссури және Арканзас Солтүстік Американың ең ірі өзені — Миссисипи өзені алабына жатады.
Тарихы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]1541 жылы Канзас территориясы испандық конкистадор Коронадоның қарауына өтті, кейін француз зерттеушісіне қарады. 1803 жылы АҚШ-қа қабылданды. Канзас АҚШ-тың 34-штаты болды. Азаматтық соғыс жылдары Канзас[1] құлдыққа қарсылар және жақтаушылар жалдауында болды. Темір жол құрылысы азаматтық соғыстан кейін салына бастады.
Географиясы және климаты
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Канзас шығысында Миссури штатымен, батысында — Колорадо, солтүстігінде — Небраска, оңтүстігінде — Оклахома штаттарымен шекараласады. Ауданы — 213 096 км2.
Канзастың климаты континентальды, салқын қысты (кейде суық) және ыстық жазды. Штаттың солтүстік және солтүстік-батыс жағы Канаданың суық, ал оңтүтік бөлігі Мексика шығанағының жылы ауа әсерінде болады, соған байланысты температураның ауытқууы анық байқалады. Осы ауа массаларының соқтығысуынан өте қарама-қарсы атмосфералық фронттар туындайды, соның әсерінен торнадо пайда болады (Канзас "аллее торнадо" атты дауыл аймағында орналасқан). Штаттың орташа жылдық температурасы +13 °C. 1936 жылы 24 шілдеде Элтонда (Alton) абсолюттық максимум +49 °C көрсеткішті анықталған . 1905 жылы 13 ақпанда абсолютті минимум -40 °C Ливандада байқалған (Lebanon). Қаңтардың орташа температурасы -2..-4 °C (орташа күндізгі максимум +2..+6 °C, түңгі минимум -6..-9 °C). Шілдедегі орташа температура +26..+27 °C (орташа күндізгі максимум +32..+34 °C, түңгі минимум +19..+21 °C). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері оңтүстік-шығыстан 1000 мм батысқа 400 мм кемиді (Уичита (Wichita) қаласында жылына 772 мм жауады). Кейбір жылдары қуаңшылық болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 3/4-бөлігіне жуығы сәірден қыркүйек айлары аралығында түседі. Додж-Сити (Dodge City) АҚШ-тың ең желді орындарының бірінен есептеледіс - орташа желдің жылдамдығы сағатына 14 миль (6,4 м/с).
Халқы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Канзас халқы 2 871 238 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,64 %-ке өскен.[2] 2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (91,91 %), афроамерикандықтар (6,41 %), байрғы американдықтар (1,78 %), азиаттар (2,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,12 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде немістер (33,75 %), ирландықтар (14,4 %), ағылшындар (14,1 %), француздар (4,4 %), шотландтар (4,2 %), голланддықтар (2,5 %) және швед (2,4 %) тектілер.[3]
2004 жылғы дерек бойынша 149 800 жуық адам (Канзас халқының 5,5 %-і ) АҚШ ішінде туылғандар.
Халық санының динамикасы:
- 1950: 1 905 299 адам.
- 1960: 2 178 611 адам.
- 1970: 2 246 578 адам.
- 1980: 2 363 679 адам.
- 1990: 2 477 574 адам.
- 2000: 2 688 418 адам.
- 2010: 2 853 116 адам.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Әлемнің бақташы астанасы Мұрағатталған 3 қарашаның 2011 жылы.
- ↑ Annual Estimates of the Resident Population for the United States, Regions, States, and Puerto Rico: сәуір 1, 2010 to шілде 1, 2011(CSV). 2011 Population Estimates. АҚШ халық санағы бюросы, Population Division. (желтоқсан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, желтоқсан 21, 2011.
- ↑ American Community Survey Office Kansas – Social demographics 2006. Census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 наурыз 2008. Тексерілді, 31 шілде 2010.
- ↑ Resident Population Data Resident Population Data - 2010 Census. 2010.census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, 12 қазан 2011.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kansas |
- Kansas.gov: the official website for the State of Kansas
- Kansas History Online Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2006 жылы.
- Cutler’s History of Kansas
| ||||||||||||||||||
| Бұл — АҚШ географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |