Гаити
Координаттар: 19°06′00″ с. е. 72°20′00″ б. б. / 19.10000° с. е. 72.33333° б. б. (G) (O) (Я)
| Гаити Республикасы Repiblik Ayiti République d'Haïti | |||||
| |||||
| Ұран: «L'Union Fait La Force» | |||||
| Әнұран: «La Dessalinienne» | |||||
| Тарихы | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Тәуелсіздік күні | 1 қаңтар 1804 жылы (жарияланды) 1825 жылы (мойындалды) (Франциядан) | ||||
| Мемлекеттік құрылымы | |||||
| Ресми тілдері | Гаитяндық креол мен француз тілі | ||||
| Елорда | Порт-о-Пренс | ||||
| Ірі қалалары | Порт-о-Пренс, Карфур, Дельмас | ||||
| Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
| Президенті Премьер-министрі | Ваканті Аликс Дидье Фис-Эме | ||||
| Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
| Географиясы | |||||
| Жер аумағы • Барлығы • % су беті | Әлем бойынша 143-орын 27 750 км² 0,7 | ||||
| Жұрты • Сарап (2023) • Тығыздығы | ▲ 11 470 261 адам (85-орын) 414,7 адам/км² | ||||
| Экономикасы | |||||
| ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
19,979 млрд.[1] $ (144-орын) 1,819[1] $ (174-орын) | ||||
| ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
7,897 млрд.[1] $ 719[1] $ (172-орын) | ||||
| АДИ (2017) | ▲ 0,498[2] (төмен) (168-орын) | ||||
| Валютасы | Гурд | ||||
| Қосымша мәліметтер | |||||
| Интернет үйшігі | .ht | ||||
| ISO коды | HT | ||||
| ХОК коды | HAI | ||||
| Телефон коды | ++509 | ||||
| Уақыт белдеулері | -5 | ||||
Гаити, толық ресми атауы — Гаити Республикасы (гаит. креол. Repiblik Ayiti [ajiti], фр. République d'Haïti [a.iti]) — аттас аралдың батыс бөлігінде (шығыс бөлігінде Доминикан Республикасы орналасқан) және жағалық аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы — Порт-о-Пренс. Халық саны - 11 26 млн. адам (2019 жылы, оның ішінде шамамен 1 миллион адам шетелде тұрады, негізінен АҚШ-та).
Елдің атауы таино үндістердің тілінен «Таулы ел» деп аударылады. Гаити Республикасы 1804 жылы гаитяндық революциясының сәтті кезеңінде Франциядан тәуелсіздікті алды және Америкадағы АҚШ-тан кейінгі екінші тәуелсіз мемлекет болды және әлемде қара нәсілділер басқарған тұңғыш республика. Бұл — француз тілі басым Америкадағы жалғыз тәуелсіз мемлекет (тағы қ. француз тілді мемлекеттер).
Гаити — әлемдегі ең кедей және тұрақсыз елдердің бірі; Американың ең кедей, үнемі аштықтан, табиғи апаттардан және мемлекеттік төңкерістерден зардап шегетін мемлекет.
Географиясы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Бедері мен гидрографиясы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Шығыстан батысқа қарай елге тар жағалаулық жазықтармен шектелген қатты разрезделген тау тізбектері кесіп өтеді.