Мазмұнға өту

Беттік-активті заттектер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Беттік-активті заттектер (Поверхностно-активные вещества) — фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттектер. Олардың молекулалары әдетте суға тартылатын (гидрофильді) бөлік пен суды тебетін (гидрофобты) бөліктен тұрады; мұндай құрылым молекулалардың су мен май секілді араласпайтын фазалардың шекарасында шоғырлануына мүмкіндік береді.[1][2] Беттік-активті заттектер өнеркәсіпте (мысалы, флотация кезінде) қолданылады, жуғыш заттектердің, лактар мен бояқтардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің құрамына кіреді. Суқоймаға түскен Беттік-активті заттектер орта қасиетін күшті өзгертеді, тіршілік процестеріне теріс осер етеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Milton J. Rosen, Joy T. Kunjappu. «Беттік-белсенді заттар және фазааралық құбылыстар». 4-басылым. John Wiley & Sons, 2012. (ағылш.)
  2. ↑ «Беттік-белсенді заттар дегеніміз не?» // Клининг24. Тексерілген күні: 2026-09-19. (орыс.)
  3. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5